"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күні

11.10.2020

Ұстаздар күні-жаңа оқу жылындағы  мектептік күнтізбенің ең алғашқы мерекесі.Оқушылар ол мерекеге алдын ала дайындалады.Әдеттегідей бұл күні мұғалімдерді оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасы күтіп тұрады.Бірақ бұл оқу жылына коронавирус эпидемиясына байланысты карантин өз өзгертулерін енгізді.Соған қарамастан оқушылар шектеуді сақтай отырып ұстаздарға көңіл бөліп құрмет көрсетті. Ең алдымен әр ұстазды таңертең қарсы алу мен жеке құттықтау күтіп тұрды. Инстаграм парақшасына оқушылар жылы лебізді бейнебаяндарын жүктеді. Және де бұл жерге "ең ең" атты қалжың  сауалнама нәтижесі шығарылды:Ең кең білімді ұстаз,ең көркем ұстаз,ең мейірімді ұстаз т.б.Ұстаздық еңбек жолындағы  ардагерлер де ұмыт болған жоқ-мектеп кәсіподақ комитеті жеке құттықтаулар мен естелік сыйлықтар ұйымдастырды. Сондықтан еңсені түсірмеу керек. Мереке әрқашанда мереке болып қалу керек әсіресе балаларға,өйткені балалық шақ қайта айналып келмейді. Болашаққа деген сенім мен көтеріңкі көңіл-күй уақытша қиындықты жеңетін досымыз және көмекшіміз!

 

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст