Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп тану:
1) "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 Қарашада "Заң газеті" газетінде жарияланған"№184 (1387);
2) міндетін атқарушының бұйрығы