Мектепте Қамқоршылық кеңес 2017 жылы құрылды. Кеңес мектеп Кеңесі қабылдаған Ереже негізінде әрекет етеді. Кеңестің міндеттері: мектепті қаржылық, материалдық және өзге де қолдау түрлерін жүзеге асыруда әлеуметтік ұйымдар мен азаматтардың күш-жігерін біріктіру, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқуы, демалуы, медициналық қызмет көрсетуі үшін оңтайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу, түлектердің өз бетінше өмір сүруіне табысты бейімделуі үшін тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне жәрдемдесу, білім алушылар мен мектеп ұжымының жетістіктері мен нәтижелерін насихаттау.
Отырыстар үнемі өткізіліп тұрады, жұмыс жариялылық пен демократия жағдайында өткізіледі. 2018/2019 оқу жылының І жартыжылдығында 2 отырыс өтті .
1. 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы мектеп директорының ақпараты Қамқоршылық Кеңес туралы Ережемен танысу, 2018-2019 оқу жылында Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту
2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту
Аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету