10.04.2026
Мектебіміздегі ағылшын тілі апталығы
6–10 сәуір аралығында мектебімізде ағылшын тілі апталығы өтті. Бұл апта өте қызықты әрі мазмұнды болды.
Апта бойы оқушылар әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысты: ойындар, байқаулар, викториналар, шығармашылық тапсырмалар және бейнежобалар. Оқушылар өздерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Әр күн жаңа әсерлерге, жағымды эмоцияларға және пайдалы білімге толы болды. Ағылшын тілі апталығы барша қатысушылар үшін көңілді әрі пайдалы өтті.