Текст
Біздің мектепте дәстүрлі "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды, апта бойы көптеген спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізілді. Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өтті: Көңілді старттар, эстафеталық жүгіру, жылдам дойбы және орнынан ұзындыққа секіру. Фестивальдің мақсаты-спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылар арасында шеберлікті арттыру. Бұл іс-шара мұғалімдер мен оқушылардың сүйікті мерекелерінің бірі болды. Фестивальдің ашылуына орай мектеп ұжымы эстафетаға қуана қатысты. Спорт-бұл біздің денсаулығымыздың кепілі сондықтан мен сізді дене шынықтырумен айналысуға шақырамын. Сіздерді спорт мерекесімен құттықтаймын және баршаңызға табыс тілеймін.