"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорт – денсаулық кепілі

27.02.2017

Әр бір адам баласы күнделікте толып жатқан әрекеттермен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекеленген мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты Демек, денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Сондықтан әр бір бала жас кезінен бастап ертеңгілік жаттығуларды жасап, күн режимін сақтап, денені таза ұстап, өз денесін шынықтыруы және спортпен шұғылдануы және басқа зиянды әдеттерге жол қоймауы керек. Дене тәрбиесі – ол дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс. Демек, келешек ұрпақтың денсаулығы, спортқа деген қызығушылығы өз қолымызда. Сондықтан мектеп тәлім-тәрбие жұмыстарымен қатар дене шынықтыруды да ұштасып жатады. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл —  үшеуімен бақытты болады өмір. Соны балаларға жеткізу міндетіміз. Бүлдіршіндерді дене тәрбиесіне баулу мақсатында мектепте бастауыш сыныптар арасында «Шынықсаң – шымыр боласың» атты эстафеталық жарыстарды ұйымдастырады. Бұл балалар әлі қанаты қатпаған кішкентай бүлдіршіндер. Сондықтан балаларға жыланша, құмырсқаша жүру, допты домалатып мәреге бірінші болып жеткізу, қапта секіру, матта алға қарай домалау тапсырмаларды береді. Жарыс ойын түрінде қызу өтеді. Жасөспірім арасында өзгеше қиындатылған ойындар өткізіледі, олар баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі, армрестлинг және тағы басқа спорт жарыстары. Иә, дәл осындай жарыстар балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыра түседі. Олардың еңсесін көтеретін, сапалы тәрбие жұмыстары көптеп өткізілсе кім-кімнің де бойындағы жігерін тасытып, спортқа деген қызығушылығын арттырары мәлім. Мүмкін, келешекте елінің туын көкке көтерер олимпиада чемпиондары да жүрген шығар осы оқушылар арасында.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст