"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматтық Қорғаныс

04.03.2017

Азаматтық Қорғаныс  — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст