"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогика туралы ұғым және қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты

09.04.2017

Негізі педагогика грек тілінен аударғанда «пайз»-бала, «эгейн»-жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Дәстүрлі жүйеде педагогика бала тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырылады.Ал қазіргі жүйеде педагогика жалпы адам тәрбиесінің,білім алуын зерттейтін ғылым. Педагогиканың негізгі 3 ұғымы және заманауи қажеттілікке негізделген қосымша ұғымдары бар:

1.Білім беру.          

2.Оқыту.

3.Тәрбие.

4.Қалыптастыру.

5.Дамыту

6.Жетілдіру.

1. Білім беру дегеніміз-табиғат пен қоғам жайында жинақтаған білімін өмірде тиімді пайдалана білу.Білім беру ұғымын ең алғаш ВольфганкРатке енгізген.

2. Оқыту-екі жақты бір текті құбылыс.Мұғалім мен оқушы арасындағы өздігінен ұйымдастырған үрдіс(процесс).

3.Тәрбие дегеніміз- ұйымдастырылған іс-әрекет жиынтығы,халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған салт-дәстүрін рухани құндылықтарын оқушы бойына сіңіру.Тәрбие 2 мағынада қарастырылады:

1)Тар.      

2)Кең.

Тар мағынадағы тәрбие дегеніміз – баланың дамуына бір ғана фактордың әсері яғни тәрбиеші тәрбиелейді.

Кең мағынадағы тәрбие дегеніміз- баланың дамуына бірнеше фактордың әсер етуі:Ата-ана,мектеп,орта яғни «өмір тәрбиелейді».

Педагогикалық мамандықтың  ерекшеліктері - педагогтың ізденімпаздығы,білуге деген құмарлығы,артық білуге ұмтылымы.Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да,үйде де,білімін ұлғайтып,тереңдетуге айырықша қабілетті болуға талап етеді.Иә рас педагог адамдар әрдайым ізденіп жүру керек.Мектепке келіп кітап арқылы ғана сабақ беріп қана қоймай,басқа мұғалімдермен тәжірибе алмастырып,өз білімін жетілдіріп отыру керек.Қазір балаларды оқыту күннен күнге қиын болып келе жатыр,3 тілде оқыту,жеті модуль бойынша оқыту,әр түрлі технологияларды қолдану т.б.Сондықтан да мұғалім ізденісте болуы керек. Мұғалім ең әуелі баланы жақсы көру керек.Баламен тез тіл табыса білу керек.Әр баланың мінезі әр түрлі сондықтан да әр баланың тілін таба білу керек.

Мұғалімге тән қасиеттер:

1.Дидактикалық қабілет - мұғалім оқушыға оқу материалын жеткізу.

2.Академикалық қабілет – Мұғалім пән саласына (матем,физика,тарих т.б.)сәйкестігі,өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

3.Сөйлеу(экспресивті) қабілет- тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты түсінікті етіп, жеткізе білуі.

4.Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін,сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

5.Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу,педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

6.Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру,оқу және тәрбие жұмысының әдістерін анықтау,өз ісіне саналық және жауапкершілікпен қарап,тапқырлық таныту.

7.Ұйымдастырушылық қабілет – сабақты тыңдауға,білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білу,ұжымды дұрыс басқарып,ұйымдастыра білу,ата-аналармен жұмыс істей білу.

8.Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатысы жоқ спорт,көркем өнер,бейнелеу өнері туындыларын білетіндігінен оқушыларды қызықтырып,оларды қатыстырып,баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.Мысалы:Мұғалім жақсы сурет сала білсе,бірақ ол тіл маманы болса Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың портретін салып,неге тақтаға іліп қоймасқа?Немесе домбыра шерте білсе Құрманғазы,Біржанның күйлерін неге шертпеске? Мұғалім қандай адамның қалыптастыратынын дәл білу керек.К.Д.Ушинский:Өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап,одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады.Я.А.Каменский: «Келесі ғасырдың қандай болатыны сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты.«Дүние – даналардың көптігімен бақытты»деген болатын.Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби : «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» -деген екен. Мақаланы қазақтың жаңашыл  педагогы Құмаш Нұрғалиевтың сөзімен аяқтағым келеді: «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болу тиіс,ол баланың ұстазына деген сенімі,мұғалімнің баланы сүюі».Иә мұғалім мамандығы оңай емес,шыдамды болайық,балаларды сүйе білейік.

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст