Текст
Ұйымдар тізімі
06.11.2025
Біздің мектепте «Заң және менің құқықтарым» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңға және қоғамдағы тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сынып сағаттарында оқушылар Конституция мен Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында көрсетілген өз құқықтарымен танысты. Мұғалімдер таныстырылымдар мен бейнематериалдар көрсетіп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы заңның маңызын түсіндірді.
Іс-шара соңында оқушылар өз құқықтарын білу және заңды сақтау – әділдік пен қауіпсіздіктің, елдегі тәртіптің кепілі екенін түсінді.


