"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар еңбегін қанаудың алдын алу

03.06.2017

Еңбегін қанаудан балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнама жетілдірілуде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына «баланы экономикалық жағынан қанау» ұғымы енгізілді және экономикалық жағынан қанаудан қорғауға баланың құқығы бекітілді. Қазақстан Республикасы заңнамасында балалар еңбегіне шектеу белгіленген және олардың физикалық дамуына, сапалы білім алу мүмкіндігіне зиян келтіруі мүмкін бала еңбегінің ең нашар нысандарына балаларды тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Балалар қоғамдық пайдалы еңбекке ғана ерікті негізде және сабақтан тыс уақытта тартылуы мүмкін. 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы:

1. Әр бiрбаланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және еңбек қатынастарының басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.

4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.

Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.

Балалар еңбегіне жол бермеу үшін құқықтық базаны және аталған мәселе бойынша заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшін тетіктерді еліміз ратификациялаған ХЕҰ-ның «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы» № 138 және «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» № 182 конвенциялары толықтырады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірлескен күштерімен рет-ретімен балаларды еңбектің ең жаман нысанына тартуды алдын алу, әртүрлі нысанда балалардың пайдалануын тудыратын себептерді жою бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылады. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанында ҮЕҰ Кеңесі жұмыс істейді, қызметтің 7 бағыттарының бірі балаларға қатысты зорлық- зомбылықтың жолын кесу, адам саудасы және бала еңбегін пайдалану болып табылады. 71 Балалар құқықтарының бұзушылық, бала еңбегінің пайдалануын алдын алу фактілерін анықтау мақсатында тоқсан сайын «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері жүргізіледі. Мәселен, 2014 жылғы 9 ай ішінде 4 062 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді, оған 68 165 адам қатысты (білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдарының және ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жас балалар бірлестіктерінің, ата-ана қоғамдастықтарының өкілдері). Есепті кезең ішінде 35 144 объекті зерттелді (саяжайлар және саяжай шаруашылықтары – 1832, фермерлік шаруашылықтар – 1684, қолайсыз отбасылар – 10578, үйлердің жертөлелер – 5088, теміржол және автобус вокзалдары – 2009, ойын-сауық орындары – 4890, компьютер салондары – 2947, шағын аудандар, нарықтар – 4616, жанар-жағар май құю станциялары, автожуу орындары - 1545). Рейдтер барысында 6 837 кәмелеттікке толмағандар анықталды (қолайсыз отбасыдан – 2220, қолайлы отбасыдан - 4617). Оның ішінде заңды өкілінсіз сағат 23.00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 4 808 кәмелеттікке толмағандар ұсталды. Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын кәмелеттікке толмағандарға сатқаны үшін кәсіпорындардың 208 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 508 ата-ана мен заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында 6 026

әкімшілік хаттамалар толтырылды. Рейд қорытындысы бойынша бала еңбегін қанаудың 185 фактісі анықталды (4 бала асхана қызметкері ретінде, 7 - официант, кондуктор, 15 – автомобиль жуушылар, 5 – жүк тасушылар ретінде жұмыс істеді, 6 – тамақ өнімдерін сатты, 147 – қайыршылықпен айналысты, 1- жезөкшелікпен айналысуға тартылды) Рейд қорытындысы бойынша алдын алу сипаттағы әңгімелесулер жүргізілді, әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары түсіндірілді. Рейд қорытындылары кәмелеттікке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық, қалалық комиссиялардың отырыстарында қаралды және республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және жаңалықтар порталында кеңінен жарияланды. Балалар еңбегін пайдалану туралы қоғамды ақпараттандыру мақсатында ҚР БҒМ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, «Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы» ҚБ және Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» Ұлттық ақпараттық кампаниясы өткізіледі. 2014 жылғы 1-12 маусым аралығында Астана, Алматы облыстары, қалалары әкімдіктерімен бірлесіп «Бала еңбегін бірге жоямыз» ұранымен 9- ншы ұлттық ақпараттық кампания өтті. Кампания барысында 9339 іс- шара өткізілді, оның ішінде 226 конференция, 805 семинар-тренинг, 821 дөңгелек үстел, 1757 тақырыптық көрмелер, 1086 кездесу, 536 диспут, дебат, 72 621 акция және флеш-моб, балалардың суреттері мен шығармалардың 2894 конкурсы. Баспа БАҚ-та 230 мақала жарияланды және кампания барысын жариялаған жергілікті телеарналарда 195-тен жоғары хабарлар ұйымдастырылды. Кампанияның барлық іс-шаралармен 1,4 млн. жуық кәмелеттікке толмағандар және 200 мыңнан астам ересектер қамтылды.

 

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст