"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосағалы - батыр туралы тарихи аңыз әңгімелер.

17.06.2017

Жаз басталды, ал олармен бірге - ең қызықты шағы.

Жыл сайын мектепте туристік жорықтар ұйымдастырылады. Оларды тарих және

география пәнінің мұғалімі Корочанский Александр Иванович басқарды.

Жорықтардың мақсаты–туған

өлкенің

тарихымен, топонимикасымен, көрікті жерлерімен

таныстыру.

Балаларға туған жеріне сүйіспеншілікті  дағдыландыру – ең жақсы тәрбиелеу тәсілі.

Биыл  бірінші

туристік саяхат-  белгілі батыр, тарихи

тұлға – Косагалы-батырдың зиратына ұйымдастырылды.

Ол ауылдың маңында жерленген.

Ел арасында

Қосағалының әуелдегі азан айтып қойған атына байланысты да екі түрлі пікір бар

екені анықталды. Соның

бірінде «В середине ХХ века два брата коренной национальности поселились в

прекрасном урочище недалеко от реки Ишим, где ныне располежено село Лозовое.

Стали называть это поселение «Қос ағалы» в переводе с казахского языка означает

селение двух братьев. Ауыл рос, приезжали переселенцы с Украины, Белоруссии.

Они стали называть ауыл на свой лад – Косагал» – дейді.

Мұндағы жер аттарының «Есіл» өзені мен

Ақмола облысының «Жақсы» ауданындағы «Лозовое» елді мекендерінің бұрынғы атауы

екенінде сөз жоқ. Жуналист Бақберген Амалбек «Қосағалы» деген мақаласында

(Егемен Қазақстан. 3.07.2012) 1910 жылы Санкт-Петербургтегі Э. Х. Брандтың

картографиялық зауытында дайындалған жер пайдалану картасында «урочище

Косагалы» деген жер атауы көрсетілгенін және Түмен, Челябі облыстарында «Үлкен

Қоса­ғалы», «Кіші Қосағалы» деген көлде­р, Киштема маңында осы аттас емдік су

қайнары барын айтады.

Қосағалы есіміне қатысты тағы бір

деректі Батыс Қазақстан өңіріне тән руханият үлгілерінен кезіктіреміз. Қазіргі

Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген, домбырашылық үрдісте

төре тартыстың негізін қалаған дәулескер композитор Дәулеткерей Шығайұлының

«Қосағалы» деп аталатын күйі бар. Кіші жүз Қаршынбай ақынның «Абылай-Кенесары»

дастанында да Қосағалы деген батырдың ерлігі айтылады. Алайда бұл мәліметтер

біз сөз етіп отырған Рақпанұлы Қосағалыға қатысты ма, әлде Көкшетау іргесіндегі

«Азат» тауында жатқан, шамамен 1755–1820 жылдары өмір сүрген Арғын Байтөлекұлы

Қосағалы батырдың есімімен байланысты ма? Солтүстік Қазақстан облысының Рузаев

ауданындағы «Қосағалы» өзенін орыстар «Косогряд» дейді. Міне, тарихи тұлғаларға

орай, жер-су аттарының өзі қалай-қалай құбылады.

Тарихи дерек көздерінде ХVIII ғасырдың

аяғынан бастап Батыстан көшті деп топшыланатын Алшын бірлестіне қарасты Тама,

Жағалбайлы жұртының жылнамасын жинақтаушы Пернебай Дүйсенбин өзінің «Үркердей

болып көшкен жұрт» деген жинағына халық арасынан Жақсылық Бозжігітов жазып

алған «Қосағал батырды құтқару» деген шағын тарихи аңызды ұсыныпты. Мұнда

Кенесары ханның тубегі батыры ретінде көрінетін Тойғұлы Қараспанұлының қырғыз

халқымен арада болған бір соғыста аты мертігіп қалғанын көріп Қосағал батырға «Қос-аға,

атқа мініңіз» – деп, ақтангерін көлденең тосып, ағасын жау ортасынан алып

шыққандығы туралы қисындалады (П. Дүйсенбин. «Үркердей болып көшкен жұрт», А.,

Литера-М, 2007, 81-б). Аңыздың желісі бойынша, мұнда Қосағалы батыр Тойғұлыдан

үлкен, оған ол інілік жолмен құрмет көрсетеді. Ел арасындағы тағы бір әңгіме

желісінде, керісінше, Тойғұлының жасы үлкен. Бұл аңыз желісінде айтылатын

соғысқа, яғни Кенесары Қасымовтың 1846 жылы патша әскерінің қысымымен Орта жүзден

Ұлы жүз қазақтарының жеріне кетуге мәжбүр болып, Солтүстік Қырғызстанды жаулап

алып, ақыры ата мекенін қорғаған қырғыздардың қолынан мерт болу уақиғасы туралы

әлгі соғысқа әуелі Тойғұлы мен Қосағалы батырлардың қаншалықты қатысы барын

анықтап алу қажет.

Халық арасында айтылатын тағы бір

әпсанада Қосағалының азан айтып қойған аты «Қилыбай екен» деген мүлдем басқа

бір қисынсыздау дерек ұшырасады. Сол «Қосағалы-Қилыбай» өзімен бірге туған қос

ағасы – Рақпанұлы Қайып пен Рақпанұлы Қосмұраттың ортасында арда өскендігіне

байланысты «Қос ағалы» атаныпты-мыс. Бұл желі Көкшетау, Атбасар, Ақмола

өңірінде, «Есіл» өзенін өрлей қонған жұрттың арасында ХIХ–ХХ ғасырларда өмір

сүрді делінетін ағайынды екі жігітке қатысты аңызбен дәлме-дәл бір ізді басады.

Қалай болғанда да бұл тарихи негізді

аңыздар нобайында типологиялық сипат бары анық. Барлық кінәрат «Қос аға» (екі

аға мағынасында), «Қос-аға» (атына жасалған құрмет есебінде) және «Қосағал» мен

«Қосағалы» сөздерінің өзара құбылуында болса керек. Ел есінде қалған ер есіміне

қатысты қандай екіұшты деректер айтылғанымен, байтағы аға тұтынған халық

батырының ерлікті істері ұмытылмаған.

Тарихи аңыз әңгімелердің өзегі болады.

Әрине, олар белгілі бір тарихи тұлғалардың есіміне, іс-әрекетіне байланысты

туады. Уақыт өте келе, әлгі халық қаһармандарының ерлік істерімен

типтендіріліп, көркемдік сипат алып кетуі мүмкін бұл аңыздардың астарында

сөзсіз ақиқат жатады. Тарих көші тым әріге жылжыған сайын ақиқат атаулының өзі

қайта құбылып, аңызға айнала бастайды.

Аңыздан ақиқатты аршып алу оңай шаруа

емес.

Туристтік сапар балалардың тарих туралы білімдерін

көбейтті.

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст