"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО – 2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІ

05.07.2017

2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашты. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысты.

ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Көрмеге 2 миллион турист келіп, келушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деп болжанады. Келушілердің жалпы санынан 85%-ын қазақстандықтар, ал 15%-ын шетел мемлекеттерінің азаматтары құрайды, олардың көпшілігі ТМД елдері мен Қытайдан келеді. Туристердің едәуір саны Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келеді деп күтіледі.

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда бастады және 10 қыркүйекте аяқтайды.

ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның елі көлемді жобасы. Астана Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауысқа салу барысында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152 Бас ассамблеясы кезінде 2012 жылғы 22 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің орны ретінде таңдалды. Астана өтініміне 103 ел қолдау көрсетті. ЭКСПО көрмесі елдің барлық өңірлері қатысатын ұлттық жоба болып табылады.

ЭКСПО халықаралық көрме – білімге, инновациялық шешімдермен алмасу, прогресті алға жылжыту және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс-шара. Дүниежүзілік көрменің ие қалалары үшін – болашаққа адым жасаудың керемет мүмкіндігі. Көрмелер өзімен қала мен өңірге орасан зор экономикалық әлеуетті білдіреді: жаңа технологиялар, жабдықтар, көлік тасымалы және қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы мен сәулет өнері саласында алдыңғы қатарлы әзірленімдер. Осының барлығы қалада өткен Дүниежүзілік көрме естелікқалдырады.

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст