Текст
Қарашаның жиырма сегізі күні Алексеевка орта мектебінде мектеп Президенттін сайлауы өткізілді. Бір орынға үш үміткер ұмтылды. Олар – Бажиров Ильяс, Казбеков Тимур, Мостовой Евгений. Келесі күні мектепте «Жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағат» тақырыбы бойынша жиын өтті. Оқушылар алдында директор орынбасары Финк Алия Елюбаевна сөз сөйледі. Балалар жемқорлық зияндығымен танысты. Қарашанын соңғы күнінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президент құрметіне орай мерекелік концерт өтті. Сол сауық кешінде мектеп Президенті – Бажиров Ильястің ұлықтау рәсімі өткізілді.