"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп кітапханасының бірінші жарты жылдық жұмысы туралы есеп 2019-2020 оқу жылы

06.01.2020

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:

- қазіргі оқушылардың рухани мәдениетін, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және сақтау;

- Мәдени және азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу;

- Қолайлы кітапханалық ортаны қалыптастыру.

Мектеп кітапханасының барлық іс-шаралары бірінші жарты жылдықта оқуға деген қызығушылықты дамытуға ықпал етті. Кітапты насихаттаудың дәстүрлі түрі кітап көрмелері болып табылады. Кітапханашы көркем әдебиет көрмесін әр түрлі тақырыптарға: "Арманнан мамандық таңдауға", "Тәуелсіз елдің ерлік жолы", "Абайла СПИД!", "Кітап арқылы руханиятқа", "Заңды біл және сақта", "Н. Ә. Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы" және т.б. үнемі рәсімдейді. Көрмеге оқу, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиет, газет және журналдардан мақалалар қойылды. Кітап қорымен жұмыс жүргізілді. Формулярлар жаңартылып, мектеп алды және бірінші сынып оқушылары жазба және жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етілді.

Оқулықтардың сақталуын алдын алу мақсатында кітапханашы оқырман балалармен абонементте, ал сынып жетекшілері сынып сағаттарында оқушылармен әңгіме жүргізді. Қазан айында "Кітапты сақта"атты рейд өтті.  Мақсаты: мектеп оқулықтарының сақталуын тексеру. Бастауыш және орта буында оқулықтар тексерілді. Тыспен жабылмаған оқулықтар анықталды. Оқушыларға кітап қорын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Айына бір рет кітапханаға берілген кітаптардың уақытылы қайтарылуын бақылау мақсатында оқырман формулярлары тексеріліп, борышкерлермен тиісті жұмыстар жүргізілді.

Бастауыш сынып оқушылары кітапхана жұмысына белсенді қатысады және көркем әдебиетті оқиды, 5-11 сынып оқушылары негізінен оқу бағдарламасы бойынша кітаптар алады.

 

 

Мектеп кітапханашысы: А.А.Сагинбаева

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст