Текст
30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында біздің мектептің оқушылары пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде пәндер бойынша өз білімдерін сынайды!
Пәндік олимпиадалардың мақсаты-ғылымға, танымға деген шынайы қызығушылық туатын өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске серпін беру.
Бұл қозғалыстарға қатысу баланың жеке басын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, басталған іс үшін жауапкершілікті, адалдықты, еңбекқорлықты тәрбиелейді және кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектеседі.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!