"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп – мұғалімдердің қауымдас

18.11.2019

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Білікті мамандар даярлау, ұстаздардың кәсіби, әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатымен Білім және ғылым Министрлігі тарапынан түрлі курстар ұйымдастырылуда. Сондай курстардың бірі - Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын арттыру курсы. Бұл курсты тамамдаған жаңашыл педагогтардың алдында заман талабына сай білім беру ғана емес, курста алған білмдерімен әріптестері арасында бөлісіп отыру талабы тұр.

Жаңаша оқыту талабы бойынша мұғалім таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілдің орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қолдануы қажет. Мұндай тәсіл көшбасшы мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен білімі тыңдаушы тарапынан жаңалық ретінде қабылданып, тәжірибесіне енеді әрі жетіле түседі. Іскерлік және тәжірибе алмасу мақсаттарын көздеген мұғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін іске асыруы тиіс. Ұстаздың басты мақсаты - үнемі талапқа сай білім беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст