"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 поселка Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің атым-Қожа

01.02.2019

Күні:

Мұғалімнің есімі:

 

СЫНЫП: 5

Сабақ 22-23

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Қожа –әдепті бала

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашады.

Оқушылардың басым бөлігі:

ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді

 

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Әріптердің жазылу схемасы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

өмірі мен әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут«

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

 

Ортасы   20 минут

. http://zhasorken.kz/wp-content/uploads/2013/09/8585-830x1024.jpg

Автор туралы әңгімелеу. 
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды.Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.

(«Менің атым-Қожа» фильмінен үзінді, суреттер)


- Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?

(балалар жауабы)



таза жүреді шыншыл білімді 

ақылды үлкенге жол береді 



мейірімді жақсы қасиеттер тәртіпті 



әдепті ұқыпты тіл алғыш

- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен?


Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.) 
1 – Баланың көмегі.

2 – Жол көрсету.

3 – Сыныптас.

4 – Алғашқы кездесуді еске алу.

“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды

Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар

Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

ИНСЕР кестесін толтыру.

Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

Қандай әсер алдыңдар?

Қожа қандай кейіпкер?

 

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

 

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут

Талдау 10 минут Постер жасау

«Сен маған, мен саған әдісі» 

Әдебиетте реалистік образ деген бар. Реалистік образ – адам бейнесінің шынайы түрі. Бұл кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін қоғам өзгеруіне қарай ылғи жаңарып отыратын тип.

Қожа – реалистік бейне.

Оқушыларға қандай кейіпкерлермен таныс болғандарын дәптерлеріне жазғызу.

6. Кесте толтыру:

Белсенді кейіпкерлер

Тасадағы кейіпкерлер

 

 

 

Рефлексия 3 минут

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған  ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

  • Сонымен біз.................деген шешімге келдік.

Үш топқа арналған ватман, маркерлер, оқулық.

(Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң түсіндіреді, басқа топ мүшелері өз ұсыныстарын стикерге жазып жұмыстың астыңғы жағына жабыстырады.)

Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст